date

Тәжікстанда ауыр жағдайлар себепті 34 офицер қашып кеткен

Тәжікстанда ауыр жағдайлар себепті 34 офицер қашып кеткен

2024 жыл ішінде Тәжікстанда 34 офицер өз қызмет орнын тастап, дезертирлік жасаған. Бұл туралы елдің Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Умид Бобозода өзінің жылдық есебінде хабарлады.

Есепке сәйкес, өткен жылы әскери қызметтен қашу және бұйрықты орындамауға байланысты барлығы 107 қылмыстық іс қозғалған. Олардың ішінде 30 жас сарбаз қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 34 офицер дезертир деп танылған, ал тағы 28 адам қызмет орнын өз бетінше тастағаны анықталған.

Омбудсменнің айтуынша, мұндай жағдайлар көбінесе әскери бөлімдердегі ауыр тұрмыс жағдайларымен, зорлық-зомбылықпен, тәртіпсіздікпен және дөрекі қарым-қатынаспен байланысты. Сондай-ақ, кей жағдайларда қызмет кезінде жарақат алу немесе қаза болу фактілері де жастарды әскери қызметтен бас тартуға итермелеуде.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, бұл жағдай бойынша тиісті органдар тексеріс бастаған. Алайда дезертирлік жасаған офицерлерге қандай жаза қолданылғаны жөнінде ресми ақпарат әлі берілмеген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Тәжікстанда ауыр жағдайлар себепті 34 офицер қашып кеткен