date

Канадада океанариум 30 китті жоюмен қорқытты

Канадада океанариум 30 китті жоюмен қорқытты

Канаданың әйгілі Marineland океанариумы ауыр қаржылық дағдарыс салдарынан 30 китті өлтірумен қорқытты, деп хабарлады Bild.

Басшылықтың айтуынша, егер федералдық үкімет көмек көрсетпесе немесе жануарларды шетелге шығаруға рұқсат бермесе, олар "қайғылы шешім" қабылдауға мәжбүр болады. Бұл туралы үкіметке жіберілген ресми хатта айтылған.

Мәліметтерге қарағанда, Маринеланд бұрын Қытайдағы Chimelong Ocean Kingdom саябағына жануарларды тапсыруға тырысқан, бірақ Канаданың балық шаруашылығы министрі Джоан Томпсон бұл ұсынысты қабылдамаған. Ол "киттердің тұтқында тағы да азап шегуіне жол берілмейтінін" айтты.

Океанариум бұрын да сынға ұшыраған - 2019 жылдан бері мұнда 20 кит өлген. Биыл жазда Marineland есіктерін ашпады және сатылымға шығарылатыны хабарланды.

Онтарио премьер-министрі Даг Форд жануарларды құтқару үшін барлық шараны қабылдайтынын айтты. Ал құқық қорғаушылар басшылықты "шантаж" жасады деп айыптап, жауапкершілікке тартуды талап етуде.

Animal Justice өкілі Камилла Лабчак: "Мариненд жылдар бойы осы жануарлардың азабынан пайда көрді. Енді олар бір рет болса да жауапты шешім қабылдауы керек," - деді ол.
Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Канадада океанариум 30 китті жоюмен қорқытты