date

Трамптың қарсыласы - Нью-Йорк бас прокуроры айыпталды

Трамптың қарсыласы - Нью-Йорк бас прокуроры айыпталды

9 октябрь күні кешке АҚШ-тың Вирджиния штатында қазылар алқасы Нью-Йорк бас прокуроры Летиция Джеймсті банк алаяқтығында айыптады. Ол АҚШ президенті Дональд Трамптың ең танымал саяси қарсыластарының бірі ретінде белгілі.

Бұған дейін Трамптың тағы бір сыншысы, ФТБ-ның бұрынғы директоры Джеймс Комиге де осындай айыптар тағылған еді.

Джеймс пен Комиге қатысты тергеуді Трамп тағайындаған прокурор Линдси Халлиган жүргізді. Ал оның алдындағы прокурор дәлелдер жеткіліксіз екенін айтып, қызметінен кеткен еді.

Айыптау бойынша, Летиция Джеймс 2020 жылы Вирджиния штатындағы жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде қолайлы несие алу үшін банкке жалған ақпарат берген.

Бас прокурор бұл айыптауларды жоққа шығарып, оларды "негізсіз және саяси уәжделген" деп атады. Оның айтуынша, Трамп бұл арқылы "жеке кек алуды" көздеп отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамптың қарсыласы - Нью-Йорк бас прокуроры айыпталды