date

Пәкістан Ауғанстанның 19 шекара бекетін басып алды: шиеленіс қайта күшейді

Пәкістан Ауғанстанның 19 шекара бекетін басып алды: шиеленіс қайта күшейді

Пәкістан армиясы Ауғанстанмен шекарада түнгі қақтығыстардан кейін 19 шекара пунктін өз бақылауына алды. Бұл туралы Geo телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап хабарлады.

Телеарна мәлімдегендей, аталған бекеттер көрші ел аумағына шабуылдар ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Мәліметтерге қарағанда, ауған әскері Анғур-Адда, Баджаур және Куррамда бірінші болып оқ ашқан. Сондай-ақ Дир, Читрал, Барамча және басқа да бірқатар нүктелерде атыстар тіркелген.

Шекара сызығындағы жағдай әлі де тартысты. Қаза тапқандар мен жараланғандар туралы ресми ақпарат берілген жоқ. Тараптар әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ, жағдайдың дамуы жіті қадағаланып отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Пәкістан Ауғанстанның 19 шекара бекетін басып алды: шиеленіс қайта күшейді