date

Lay’s 100 жылдан кейін жаңа дәм мен келбетпен

Lay’s 100 жылдан кейін жаңа дәм мен келбетпен

Lay’s бренді өз тарихындағы жүз жылға жуық уақытта ең ірі жаңаруды бастан кешіруде. PepsiCo мәліметінше, компания Lay’s өнімдері үшін ауқымды ребрендинг пен рецепт жаңартуын жүргізіп жатыр.

PepsiCo-ның бас дизайн директоры Карл Герхардтың айтуынша, бұл өзгеріс — брендтің тамырына деген сүйіспеншілік пен адалдықтың символы. «Жаңа дизайн арқылы біздің команда Lay’s-тің әлемге әйгілі дәмін заманауи үлгіде ұсынады», — деді ол.

Лайс енді әр чиптің ортасында нағыз картоп пен нағыз адам еңбегі бар екенін көрсетуді мақсат етті. Компания жасанды дәм мен түстерден бас тартып, тұтынушыларға дені сау және кеңірек өнім түрлерін ұсынуды жоспарлап отыр.

Lay's Baked және Lay's Kettle Cooked түрлері де жаңартылған рецепт бойынша өңделуде. Мысалы, пісірілген чиптер енді зәйтүн майында жасалады және қарапайым чиптерге қарағанда 50 пайызға аз май сақтайды. Теңіз тұзымен дайындалатын жаңа Лайс авокадо майын пайдаланады және май мөлшері 40 пайызға азайтылған.

Әлемде 4000-нан астам картоп сұрыптары бар, бірақ олардың тек 10-ы ғана Лайс өндірісіне жарамды. Компания фермерлермен бірлесіп ең сапалы картопты өсіруге 9 жылға дейін уақыт жұмсайды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Lay’s 100 жылдан кейін жаңа дәм мен келбетпен