date

Ресей Банкі 500 рубльдік купюра таңдауын тоқтатты

Ресей Банкі 500 рубльдік купюра таңдауын тоқтатты

Ресей Банкі жаңа 500 рубльдік купюраның дизайнына онлайн дауыс беру процесін уақытша тоқтатты. Реттеушінің ресми мәлімдемесінде дауыс беру нәтижелерінде жасанды белсенділік пен жалған дауыстар тіркелгені айтылған.

Мәліметтерге қарағанда, байқауда екі негізгі нұсқа - Кавказдың ең биік шыңы саналатын Эльбрус пен Шешенстан астанасындағы заманалық кешен Грозный-Сити бәсекеге түскен.

Ресей Банкінің хабарлауынша, дауыс беру кезінде кейбір техникалық және ақпараттық қауіпсіздік ережелері бұзылған. Сондықтан, байқау соңындағы есеп нәтижелері шынайы жағдайды көрсетпеуі мүмкін екені айтылды.

Бір қызығы, бір күн бұрын Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram каналы арқылы Грозныйдың мүддесіне дауыс берген пайдаланушылар үшін қосымша ынталандыру конкурсын жариялады. Ол 10 жеңімпазға iPhone смартфондарын сыйлауға уәде берген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Ресей Банкі 500 рубльдік купюра таңдауын тоқтатты