date

Трамп бейнеленген 250 долларлық купюра талқылануда

Трамп бейнеленген 250 долларлық купюра талқылануда

АҚШ-та Дональд Трамптың портреті бейнеленген жаңа 250 долларлық банкнотаны шығару туралы ұсыныс айтылуда. Бұл бастама ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орайластырылмақ.

Мәліметтерге сәйкес, купюрада Дональд Трамптың суретімен қатар АҚШ туының түстері мен арнайы мерейтойлық белгі де болуы мүмкін. Дизайнды британдық суретші Иэн Александр дайындағаны айтылуда.

Сондай-ақ, кейбір дереккөздерде бұл жобаның макеттерін Трамптың өзі мақұлдағаны туралы ақпарат бар, бірақ бұл әзірге ресми расталмаған.

Егер купюра шығарылса, Трамп АҚШ валютасында тірі кезінде бейнесі түскен алғашқы адамдардың бірі болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Қонақ» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Трамп бейнеленген 250 долларлық купюра талқылануда