date

Техаста жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

Техаста жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатында орналасқан Форт-Уорт қаласының маңында жеңіл моторлы ұшақ апатты жағдайда құлады. Оқиға салдарынан кем дегенде екі адамның қаза тапқаны хабарланды.

Бұл туралы Dallas Morning News басылымы хабарлады. Дереккөз мәліметінше, ұшақ өндірістік аумақтағы автотұраққа келіп, ондағы кейбір жабдықтарға соғылған. Соққы салдарынан ұшақ өртеніп кетті.

Ақпарат үшін, Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі бұл оқиғаны тексеруді бастады. Апатқа ұшыраған ұшақ Beech King Air C90 турбовинтті моделі болып, экипаждың екі мүшесі мен бес жолаушыға арналған.

Әзірге бортта қанша адам болғаны және апаттың нақты себептері әлі белгісіз. Тексеру жұмыстары жалғасуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Техаста жеңіл моторлы ұшақ құлап, екі адам қаза тапты