date

Берлинде пышақ көтерген әйел Ресей елшілігін дүрліктірді

Берлинде пышақ көтерген әйел Ресей елшілігін дүрліктірді

Берлиндегі Ресей елшілігінің ғимаратының алдында 31 жастағы әйел пышақпен күзетшілерге қоқан-лоқы көрсеткен. Бұл туралы Berliner Kurier басылымы полицияға сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға Германияның Митте ауданында болған. Куәгерлердің айтуынша, әйел өзін ұстай алмай, елшіліктің қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасамақ болған. Ол күзетшінің бетіне пышақ ұстап, нәсілшілдік мағынадағы балағат сөздермен айқайлады.

Осы кезде қызметтік қарумен қарсылық көрсетуге дайындалып тұрған күзетшіні көріп, әйел оқиға орнынан қашуға тырысқан. Бірақ көп ұзамай полицияға ұсталды.

Қазір ол медициналық тексеруден өтіп жатыр - қанында алкоголь, есірткі немесе басқа да әсер етуші заттардың бар-жоғы анықталуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Берлинде пышақ көтерген әйел Ресей елшілігін дүрліктірді