date

Словакияда екі пойыз соқтығысып, 100-ге жуық жолаушы зардап шекті

Словакияда екі пойыз соқтығысып, 100-ге жуық жолаушы зардап шекті

Словакияның шығыс бөлігінде орналасқан Рожнява қаласының маңында 11 октябрь күні ауыр теміржол апаты болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, екі жолаушылар пойызының соқтығысуынан 100-ге жуық адам түрлі деңгейде жарақат алған.

Словакия Ішкі істер министрі Матуш Шутай-Эштока оқиға орнында берген мәлімдемесінде, алғашқы болжам бойынша, апат жүргізушінің абайсыздығынан болғанын мәлімдеді. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр екені айтылады.

Көмек көрсетуге бес жедел жәрдем көлігі мен бір құтқару тікұшағы жұмылдырылды. Оқиғаға байланысты ресми тергеу басталды. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілуде.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Словакияда екі пойыз соқтығысып, 100-ге жуық жолаушы зардап шекті