date

Дүниежүзіндегі ең кедей 10 елдің тізімі жарияланды

Дүниежүзіндегі ең кедей 10 елдің тізімі жарияланды

Халықаралық валюта қоры мен Visual Capitalist талдауына сәйкес, жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша әлемдегі ең кедей елдер негізінен Сахараның оңтүстігіндегі Африка аймағында орналасқан.

Төменде 2025 жылдағы ең төмен ЖІӨ-ге ие елдердің тізімі келтірілген:

🇸🇸 Оңтүстік Судан — 251 доллар,
🇾🇪 Йемен — 417 доллар (Таяу Шығыстағы жалғыз ел),
🇧🇮 Бурунди — 490 доллар,
🇨🇫 Орталық Африка Республикасы — 532 доллар,
🇲🇼 Малави — 580 доллар,
🇲🇬 Мадагаскар — 595 доллар,
🇸🇩 Судан — 625 доллар,
🇲🇿 Мозамбик — 663 доллар,
🇨🇩 Конго Демократиялық Республикасы — 743 доллар,
🇳🇪 Нигер — 751 доллар.

БҰҰ-ның “2030 жылға дейінгі Тұрақты даму мақсаттары” аясында кедейлікті барлық түрінде жою басым міндет ретінде белгіленген.

Ұйым дамушы елдерде кедейлікті азайту, экономикалық мүмкіндіктерді кеңейту және халықтың табиғи ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ететін ұлттық және аймақтық тетіктерді құру бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Дүниежүзіндегі ең кедей 10 елдің тізімі жарияланды