Испанияның Террасса қаласында қара мысықтарды асырау уақытша тоқтатылды. Бұл туралы BBC басылымы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, жергілікті жануарларды қорғау қызметі 6 октябрьден 10 ноябрьге дейін қара мысықтарды уақытша күтіп-бағу немесе тұрақты асырап алу туралы өтініштерді қабылдамау туралы шешім қабылдаған. Бұл шешім Хэллоуин мерекесі қарсаңында қара мысықтарға зиян келтіру немесе мереке символы ретінде теріс пайдалану қаупінен қорғау мақсатында қабылданды.
Терраса мэрінің орынбасары Ноэль Дьюктің айтуынша, жыл сайын Хэллоуин қарсаңында қара мысықтарды асырауға деген қызығушылық күрт артады.
Қазір қалада 9800-ден астам мысық тұрады. Ал асырап алу орталықтарында 100-ге жуық мысық бар, оның 12-сі қара түсті.
Қалалық кеңес бұл шараны "уақытша және сақтық белгісі" деп бағалап, жануарлардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі маңызды қадам екенін атап өтті.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!