date

Солтүстік Кипрде оппозиция кандидаты сайлауда күтпеген жерден жеңіске жетті

Солтүстік Кипрде оппозиция кандидаты сайлауда күтпеген жерден жеңіске жетті

Солтүстік Кипр Түрік Республикасында (ШКТР) өткен президенттік сайлауда оппозициялық Түркия Республика партиясының басшысы Туфан Эрхюрман жеңіске жетті, деп хабарлады lenta.cy.

Алдын ала мәлімет бойынша, Эрхюрман сайлаушылардың 63 пайызына жуығын жеңіп алған. Оның негізгі қарсыласы - қазіргі президент Эрсин Татар шамамен 36 пайыз дауыспен екінші орын алды. Татар Түркия үкіметінің қолдауына ие болып, аралдың бөлінуін қолдап келе жатқан саясаткер ретінде танымал.

Эрхюрман өз жеңісін "Кипр түрік халқының ортақ жетістігі" деп бағалады. Ол Түркиямен достық қарым-қатынастардың сақталатынын атап өтіп, аралдың екі бөлігі арасындағы келіссөздерді қайта бастау ниетін білдірді.

Оның жеңісін саяси бақылаушылар маңызды бетбұрыс ретінде бағалайды. Өйткені Эрхюрман федеративтік Кипр идеясын қолдайды - бұл Түркияның қазіргі бағытынан өзгеше. Жаңа президенттің саяси бағытының өзгеруі аралдағы геосаяси тепе-теңдікке де әсер етуі мүмкін.

Солтүстік Кипр Түркияға экономикалық және әскери жағынан қатты тәуелді болды. Бірақ Эрхюрман командасы реформаларды, азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруды, лауазым тағайындау кезінде ашықтықты қамтамасыз етуді және Еуропа Одағымен қарым-қатынасты нығайтуды мақсат етті.

Сарапшылардың пікірінше, бұл сайлаудың нәтижелері Солтүстік Кипрдің ішкі саяси алаңын ғана емес, Анкара мен Никосия арасындағы қарым-қатынасты да қайта қалыптастыруы мүмкін.

Ақпарат үшін, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы халықаралық деңгейде мойындалмаған мемлекет болып табылады. Ол Кипр аралының солтүстік үштен бір бөлігін алып жатыр және оны тек Түркия ғана ресми түрде мойындайды. Республикада 300 мыңға жуық халық тұрады. Түркия бұл аумақта әскери контингент ұстайды, ал Кипр Республикасы мен БҰҰ мұны оккупация деп бағалайды.

ШКТР қазіргі уақытта Ислам ынтымақтастық ұйымы мен Түркі мемлекеттері ұйымында бақылаушы мәртебесіне ие. Эрхюрманның жеңісі Кипр аралында жаңартылған саяси пікірталастардың басталу ықтималдығын күшейтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Солтүстік Кипрде оппозиция кандидаты сайлауда күтпеген жерден жеңіске жетті