date

Алғашқы әйел премьер: Жапония саясатында жаңа дәуір басталды

Алғашқы әйел премьер: Жапония саясатында жаңа дәуір басталды
Жапонияда тарихи оқиға болды – Санаэ Такаити елдің алғашқы әйел премьер-министрі болды. Ол Токио қаласында өз қызметін ресми түрде бастады. Бұл оқиға көптеген жапон әйелдері үшін шабыт көзіне айналды, себебі ел саясатында ерлер ғасырлар бойы басшылық етіп келген.

Такаити өзін Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчермен салыстырып, «Жапонияның темір ханымы» деп атайды. Ол балалы отбасыларға салықтық жеңілдіктер беруді және жұмыс орындарында балабақшалар ашатын компанияларды ынталандыруды ұсынған. Алайда ол әйелдердің дәстүрлі отбасылық рөлін сақтап қалу жақтасы екенін де атап келеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның есебіне сәйкес, Жапония гендерлік теңдік бойынша 148 елдің ішінде 118-орында тұр. Парламент мүшелерінің небәрі 15,7 пайызы әйелдерден тұрады. Елде әйелдер білімді және білікті болса да, олардың саясат пен бизнестегі үлесі әлі де төмен деңгейде қалып отыр.

Такаитидің алдында үлкен сынақтар тұр: экономикалық дағдарыс, инфляция және сайлаушылардың сенімін қалпына келтіру. Оның саясатында әйелдер құқықтары негізгі тақырып болмайды деп күтілуде, бірақ ол тарихқа Жапонияның алғашқы әйел премьер-министрі ретінде енді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Алғашқы әйел премьер: Жапония саясатында жаңа дәуір басталды