date

Бюджеттік дағдарыс салдарынан АҚШ атом саласындағы жұмысшыларды жоғалтуда

Бюджеттік дағдарыс салдарынан АҚШ атом саласындағы жұмысшыларды жоғалтуда

АҚШ-та федералды үкіметтің қызметін ішінара тоқтату салдарынан Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының (NNSA) 1400-ге жуық қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл туралы Невадада өткен баспасөз конференциясында Энергетика министрі Крис Райт мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, қысқартулар агенттіктің жалпы штатының 80 пайызын қамтиды. Бұл Америка ядролық арсеналын сақтау және жаңғырту үдерістеріне тікелей әсер етеді.

"Бұл бұрын-соңды болмаған жағдай," - деді Крис Райт.

Энергетика департаменті әзірге 100 мыңға жуық келісімшарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің жұмыс орындарын сақтап отыр. Бірақ бюджет дағдарысы жалғаса берсе, бұл мамандар да жұмыссыз қалуы мүмкін.

Райттың айтуынша, бұл ондаған мың адам мен олардың отбасыларына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіруі мүмкін.

Неліктен бұл болды?

1 октябрьден бастап АҚШ Конгресі бюджетті бекіте алмағандықтан федералды кеңселердің қызметі ішінара тоқтатылды. Бұған республикашылдар мен демократтар партиялары арасындағы келіспеушіліктер, атап айтқанда, денсаулық сақтау мен әлеуметтік шығындар туралы көзқарастардағы айырмашылық себеп болды.

АҚШ заңдарына сәйкес, жабылу кезеңінде тек өмір мен қауіпсіздік үшін қажет қызметтер ғана жұмысын жалғастырады. Алайда, жалақы кейінірек, бюджет мәселелері шешілгеннен кейін төленеді.

АҚШ-та мұндай үкіметтің жабылуы жаңалық емес: 1977 жылдан бері мұндай жағдайлар 20-дан астам рет болған. Ең ұзаққа созылғаны 2018-2019 жылдары, ол 35 күнге созылды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Бюджеттік дағдарыс салдарынан АҚШ атом саласындағы жұмысшыларды жоғалтуда