date

Қарақалпақстан тауларынан 75 миллион жылдық динозавр сүйектері табылды

Қарақалпақстан тауларынан 75 миллион жылдық динозавр сүйектері табылды

Қарақалпақстанның Сұлтан Уайс тау жоталарының аумағында б.з.д. 75 миллион жылдарда өмір сүрген динозаврдың сүйектері табылды. Бұл туралы "Узбекистан 24" телеарнасы хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, олжа Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің ғалымдары мен Өзбекстан мемлекеттік геология музейінің мамандары бірлесіп жүргізген зерттеулер барысында табылған.

Мемлекеттік геология музейінің директоры Ахмаджон Ахмадшаевтың айтуынша, бұл динозавр Өзбекстан аумағында Бор дәуірінде - шамамен 100-65 миллион жыл бұрын өмір сүрген. Ғалымдар оның омыртқа, сүйек және балтыр сүйектерін тапты.

Ахмадшаевтың айтуынша, Бор дәуірінде Өзбекстан аумағында теңіз де, құрлық та болған және бұл жерлерде динозавр іздері мен сүйектерінің шығуы ғылым үшін өте маңызды.

"Мұндай олжалар ғылыми тұрғыдан ғана емес, туризмді дамыту үшін де үлкен маңызға ие. Сондықтан мұражайлар мен экспозициялық нысандарды құру қажет," - деді ол.

Қазіргі уақытта табылған сүйек қалдықтарының қай түрге жататыны анықталуда, зерттеулер аяқталғаннан кейін олар Мемлекеттік геология мұражайына тапсырылады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қарақалпақстан тауларынан 75 миллион жылдық динозавр сүйектері табылды