date

Беларусьтен ұшырылған әуе шары Литваны шара қолдануға мәжбүр етті

Беларусьтен ұшырылған әуе шары Литваны шара қолдануға мәжбүр етті

Литва үкіметі Беларусь аумағынан заңсыз жүктер тиелген әуе шарларының ұшырылуына байланысты 25 октябрь сағат 12:00-ге дейін екі ел арасындағы барлық шекаралық өткізу пункттерін жабу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Литва премьер-министрі Инга Ругинен ресми мәлімдеме жасады.

24 октябрь күні жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30 шамасында Вильнюс және Каунас әуежайлары бағытында ұшып келе жатқан әуе шарлары анықталып, қауіпсіздік мақсатында ұшулар уақытша тоқтатылды. Әуежай әкімшілігі бұл жағдайдың қысқа мерзімді болғанын, ұшулар көп ұзамай қалпына келтірілгенін айтты.

Мәліметтерге қарағанда, бұл - соңғы бір ай ішінде Беларусьтен Литва аумағына ұшырылған әуе шарларына қатысты үшінші жағдай. Билік өкілдері мұндай әрекеттерді мемлекет қауіпсіздігіне қатер ретінде бағалап, қажетті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Беларусьтен ұшырылған әуе шары Литваны шара қолдануға мәжбүр етті