date

Еуропалық есірткі саудагерлері кокаинды жеміс шырыны мен дәмдеуіштердің ішіне жасырады

Еуропалық есірткі саудагерлері кокаинды жеміс шырыны мен дәмдеуіштердің ішіне жасырады

Еуропада есірткі бизнесі қайтадан жаңа кейіпке енді. Ұйымдасқан қылмыстық топтар енді бұрын-соңды болмаған кокаин тасымалдау әдістерін қолдануда. Олар бұл затты жеміс шырынына, дәмдеуіштерге және тіпті пластмасса өнімдеріне жасыруды үйренді. Бұл туралы Германия Федералды қылмыстық басқармасының басшысы Хольгер Мюнх мәлімдеді, деп хабарлайды DW.com.

Холгер Мюнхтың айтуынша, есірткі контрабандасы енді қарапайым порт арқылы жүк жеткізумен шектелмейді. Енді саудагерлер шағын сүңгуір қайықтарды, жылдам үрленген қайықтарды және арнайы капсулаларды да пайдаланады. Бұл әдістер кокаинді теңіз арқылы Еуропаға жасырын жеткізуге мүмкіндік беретіні айтылады.

Сараптамаға сәйкес, есірткі картельдері Оңтүстік Америкадан келетін дәмдеуіштер мен жеміс шырындарына кокаинді арнайы химиялық процесс арқылы қосуды үйренген. Нәтижесінде ол өніммен араласып кетеді, порттар мен әуежайлардағы стандартты тексерулерде оны анықтау мүмкін емес.

Содан кейін бұл қоспалар Еуропаның кейбір өнеркәсіптік аймақтарында орналасқан жасырын зертханаларда өңделіп, кокаин тазартылған дайын өнім ретінде таратылады.

Мюнх атап өткендей, бұл үрдіс тек Германияны ғана емес, бүкіл Еуропа қауіпсіздік жүйесін қатты алаңдатып отыр. "Соңғы жылдары контрабанданың негізгі орталығы Бельгия мен Нидерландтан Испания мен Францияға көшті. Бұл Еуропаның жүк бағыттарында жаңа "наркологистика" тармағы пайда болғанын білдіреді," - деді ол.

Еуропалық құқық қорғау органдары есірткі картельдерінің қызметін шектеу үшін бірлескен рейдтер мен цифрлық бақылау жүйелерін күшейтуді жоспарлап отыр. Бірақ сарапшылардың пікірінше, саудагерлер әр жолы жаңа әдістер ойлап табатындықтан, күрес ұзаққа созылатыны анық.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Еуропалық есірткі саудагерлері кокаинды жеміс шырыны мен дәмдеуіштердің ішіне жасырады