date

Украина соғысы Путиннің рейтингіне қатты әсер етті

Украина соғысы Путиннің рейтингіне қатты әсер етті

Ресейде жүргізілген жаңа сауалнама нәтижелері бойынша Владимир Путиннің танымалдығы соңғы жылдардағы ең жоғары деңгейге жетті. Ресей Ғылым академиясы жанындағы Әлеуметтік-саяси зерттеулер институтының мәліметінше, қатысушылардың 65 пайызы президенттің қызметін қолдаған. Бұл көрсеткіш бүкіл бақылау тарихындағы рекордтық нәтиже болып табылады.

Айтуынша, 2000 жылы ресейліктердің тек 12 пайызы Путинді "елге пайдалы" деп бағаласа, 2018 жылы бұл көрсеткіш 54 пайызға жеткен. Украинадағы соғыс басталғаннан кейін қолдау деңгейі қайтадан артып, 60 пайыздан асты.

Сауалнама нәтижелері бойынша екінші орынды Иосиф Сталин иеленді - оның қызметін респонденттердің 45%-ы оң бағалады. Кеңес дәуіріндегі басшының рейтингі де соңғы отыз жылдағы ең жоғары көрсеткішке жеткен. 2016 жылы бұл көрсеткіш 31 пайызды, 2022 жылы 40 пайызды, 2025 жылы 45 пайызды құраған.

Сонымен қатар, Николай II (16 пайыз) және Леонид Брежнев (24 пайыз) туралы оң пікір білдіргендердің саны да өскені атап өтілді.

Ең жағымсыз бағалар Михаил Горбачев пен Борис Ельцинге тиесілі. Ресейліктердің 59 пайызы Горбачевті, 56 пайызы Ельцинді ел тарихындағы ең көп зиян келтірген басшылар деп атаған.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Украина соғысы Путиннің рейтингіне қатты әсер етті