date

АҚШ пен Қытай тарихи келісім қарсаңында

АҚШ пен Қытай тарихи келісім қарсаңында

АҚШ пен Қытай өкілдері Малайзияда өткен АСЕАН саммиті аясында жаңа сауда келісімі бойынша алдын ала келісімге келді. Келіссөздердің нәтижесінде тараптар кедендік баж салығын уақытша тоқтату және Қытайдың сирек металдарды экспорттауға шектеуін бір жылға шегеру туралы уағдаласты.

АҚШ Қаржы министрі Скот Бессенттің айтуынша, бұл шешім президент Дональд Трамп қараша айынан бастап енгізбек болған 100 пайыздық баж салығын жояды. Сондай-ақ Қытай АҚШ-тан соя өнімдерін қайта сатып ала бастайды.

Қытай тарапы бұл туралы сақтықпен пікір білдіріп, «алдын ала келісім» бар екенін хабарлады. Вице-премьер Хэ Лифэн келіссөздердің ымыралы рухта өткенін, алайда түпкілікті шешім екі ел басшыларының кездесуінен кейін жарияланатынын айтты.

Трамп пен Си Цзиньпин 31 қазанда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық саммитінде кездеседі. Олар сауда келісімінің негізгі шарттарын бекітеді деп күтілуде.

Сарапшылардың пікірінше, бұл келісім АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіскен сауда қатынастарын жұмсартуы және жаһандық нарықтардың тұрақтылығына оң әсер етуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ пен Қытай тарихи келісім қарсаңында