date

Бразилияда жарқанаттардан вирустың жаңа түрі табылды

Бразилияда жарқанаттардан вирустың жаңа түрі табылды

Бразилия ғалымдары елдің екі аймағы - Маранян және Сан-Паулу штаттарында жүргізген зерттеулер нәтижесінде жарқанаттардан мүлдем жаңа вирус түрін анықтады, деп хабарлады "Bloomberg."

Мамандар вирусты BRZ batCoV деп атады. Оның генетикалық ерекшеліктері COVID-19 және Таяу Шығыс респираторлық синдромын (MERS) тудыратын вирустарға жақын болуымен ерекшеленеді. Зерттеу нәтижелерінен белгілі болғандай, вирус бета-коронавирустар отбасына жатады, дәл осы топқа COVID-19 (SARS-CoV-2), MERS (MERS-CoV) және SARS вирустары да кіреді.

Ғалымдар BRZ batCoV вирусы әзірше адам денсаулығына қауіп төндірмейтінін атап өтті. Дегенмен, олардың айтуынша, вирус құрылымындағы шаншу тәрізді ақуыз бөлігі жануарлар мен адам жасушаларындағы кейбір ферменттермен ыдырауы мүмкін - бұл вирустың ағзаға енуін жеңілдету ықтималдығын білдіреді.

BRZ batCoV негізінен жәндіктермен қоректенетін кішігірім түрлерде табылды. Ғалымдар бұл вирустың пайда болуы мен таралуына климаттың өзгеруі мен адам қызметі әсер етуі мүмкін екенін айтуда.

Еске сала кетейік, жақында Ресейдің Роспотребнадзор басшысы Анна Попова да SARS-CoV-2 вирусының жаңа ХФГ (Stratus) штамы елде анықталғанын хабарлаған еді.

Мамандардың пікірінше, BRZ batCoV сияқты вирустар бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми бақылаулар болашақта пандемияларды алдын ала болжау және алдын алу шараларын әзірлеуде маңызды рөл атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Бразилияда жарқанаттардан вирустың жаңа түрі табылды