date

Трамп: "Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, салдарын біледі"

Трамп: "Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, салдарын біледі"

АҚШ президенті Дональд Трамп CBS телеарнасында көрсетілген "60 минут" бағдарламасында Тайвань мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап берді. Сұхбат барысында ол Қытайдың ықтимал әскери әрекеттеріне көзқарасын білдірді.

Журналист Трамптан сұрап:

- Егер Си Цзиньпин Тайваньға қарсы әскери операция бастаса, сіз АҚШ әскерлеріне оны қорғауға бұйрық бересіз бе? - деп сұрады ол.

Трамп бұл сұраққа былай деп жауап берді:

- Егер ондай жағдай орын алса, нәтижесін сонда білесіз.

Журналист неге бұл туралы ашық айтпайтынын сұрағанда, Трамп:

- Мен өзімнің сырымды аша алмаймын, - деп жауап берді.

Сондай-ақ ол Си Цзиньпинмен кездесулерде Тайвань тақырыбы қозғалмағанын атап өтіп, Қытай басшылығы ықтимал әрекеттерінің салдарын жақсы түсінетінін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Трамп: "Қытай Тайваньға шабуыл жасаса, салдарын біледі"