date

Путин 97 жасқа дейін президент болуды жоспарлап отыр

Путин 97 жасқа дейін президент болуды жоспарлап отыр

Ресей президенті Владимир Путин 2050 жылға дейін билікте қалуға ниетті екені туралы жаңа ақпарат тарады. Бұл туралы Daily Star британдық басылымы журналист-тергеуші Илья Давлятчинге сілтеме жасап хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, 73 жастағы Путин Кремльді Иосиф Сталиннен кейін ең ұзақ басқарған басшы ретінде тарихқа енген және билікті тағы кемінде 25 жыл сақтап қалуды жоспарлап отырғаны айтылады. Оның жоспары бойынша, 97 жасқа толғанда елді басқаруды ұлы Иванға тапсыруы мүмкін. Иван қазір 10 жаста, ал 2050 жылы 35 жасқа толады - дәл осы жаста ол саяси сахнаға шығуы мүмкін.

Айта кетейік, 2020 жылы Ресей конституциясына енгізілген өзгерістер Путиннің президенттік мерзімін "нөлге теңестіруге" мүмкіндік берді. Бұл оған 2036 жылға дейін ресми түрде билікте қалу құқығын береді.

Путин қазірдің өзінде билік ұзақтығы бойынша бірқатар тарихи көшбасшыларды басып озды: Пиночет (17 жыл), Ким Чен Ир (17 жыл), Муссолини және Сухарто (20 жыл), сондай-ақ Румыния басшысы Николае Чаушеску (24 жыл). Егер ол тағы екі мерзім қызмет етсе, Франсиско Франко мен Антонио ди Салазар сияқты 36 жыл билік еткен диктаторларды да артта қалдыруы мүмкін.

Журналист Давлятчидің айтуынша, Путиннің бұл ниеті оны заманалық тарихтағы ең ұзақ билік еткен саяси қайраткерлердің қатарына қосады. Егер ол шынымен 2050 жылға дейін билікте қалса, Муаммар Каддафи (42 жыл), Ким Ир Сен (46 жыл) және Фидель Кастроның (49 жыл) көрсеткіштерінен асып түседі.

Егер солай болса, Путин Ресей тарихындағы Иван Грозныйдан кейінгі ең ұзақ билік еткен басшыға айналады. Иван Грозный тақта 50 жыл отырғаны белгілі.

Әзірге Кремль билігі ресми түсініктеме беруден бас тартса да, саясаттанушылар бұл ақпаратты Путиннің жаңа саяси стратегиясы туралы белгі ретінде бағалап отыр.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Путин 97 жасқа дейін президент болуды жоспарлап отыр