date

21 жастағы чехиялық модель «Әлем аруы-2025» атағын жеңіп алды

21 жастағы чехиялық модель «Әлем аруы-2025» атағын жеңіп алды

Филиппин астанасы Манила қаласында өткен «Дүние аруы 2025» байқауында Чехия өкілі Натали Пушкинова абсолютті жеңімпаз атанды, деп хабарлады Critical Beauty Philippines.

21 жастағы Пушкинова Прага маңында тұрады және Карл университетінде «Маркетингтік коммуникациялар және қоғамдық байланыстар» мамандығы бойынша білім алуда. Ол бірнеше жылдан бері модель ретінде жұмыс істеп келеді.

Байқаудың финалына 79 елдің арулары қатысты. «Ауа ханшайымы» атағын Исландиядан Соллис Вала Иварсдоттир, «Су ханшайымы» атағын Вьетнамнан Чин Ми Ан, ал «От ханшайымы» атағын Таиландтан Вари Нгамкхам иеленді. Ең үздік сыртқы келбет сыйлығы Колумбияға, ал ең үздік кешкі көйлек сыйлығы Куба өкіліне берілді.

Пушкинова сұхбатында бұған дейін анорексиямен ауырғанын және модель агенттігі оны денсаулығына қауіп төндіретін деңгейде арықтауға мәжбүр еткенін айтты. Сол кезең оның өмірінде жаңа бетбұрыс болғанын атап өтті.

Қызықтысы, Натали Пушкинова орыс ақыны Александр Пушкинмен алыс туыстық байланысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Анықтама үшін: «Дүние аруы» байқауы 2001 жылдан бері өткізіліп келеді және «Miss Universe», «Miss World», «Miss International» сияқты беделді сұлулық сайыстарымен қатар әлемдегі ең ірі байқаулардың бірі саналады. Оның басты мақсаты — сұлулық арқылы экологиялық сананы арттыру.

Жеңімпаздар кейін әлемнің түкпір-түкпірінде қоршаған ортаны қорғау елшілері ретінде қызмет атқарады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » 21 жастағы чехиялық модель «Әлем аруы-2025» атағын жеңіп алды