Глазгода аспанда пайда болған үлкен айдаһар бәрін таңғалдырды

Глазго тұрғындары мен қала қонақтары аспандағы үлкен айдаһарды көріп, таңғалды. HBOтелеарнасының танымал фантастикалық сериалы House of the Dragonсериалындағы айдаһарды еске түсіретін бұл ерекше үлгі 2026 жылғы Достастық ойындары қарсаңында қала аспанында көрсетілді.
Ұзындығы 8 метр болатын айдаһар Клайд өзені, SEC Armadillo және OVO Hydro ғимараттарының үстінен ұшып өтіп, фантастикалық Вестерос әлемін шындыққа айналдырғандай әсер қалдырды.
Қызығы, ауада қозғалған бұл модель жай ғана айдаһарға ұқсатып жасалған макет емес. Ол сериалда Рейнира Таргариенмен байланысты Сиракс (Syrax) атты айдаһардың дәл көшірмесі болып табылады. Айтылуынша, оның шынайы көрінісін қамтамасыз ету үшін House of the Dragon сериалын түсіру барысында алынған 3D сканерлеу деректері пайдаланылған.
Айдаһарды жасауға 3000 сағат кеткен
Бұл үлкен модельдің үстінде 14 маман үш ай бойы еңбек еткен. Оны дайындауға жалпы шамамен 3000 сағат уақыт жұмсалған.
Дегенмен, айдаһар ауыр емес — оның салмағы небәрі 13 килограммболып табылады. Конструкция көміртек талшығынан, алюминийден және арнайы көбік материалдарынан жасалған.

Модель сыртқы түрімен ғана емес, қозғалу мүмкіндігімен де назар аударарлық. Онда қанаттары, басы мен құйрығын қамтитын 23 қозғалатын бөлік бар. Сол себепті айдаһар тірі тіршілік иесі сияқты қозғала алады.
Ал оның аяқ бөлігіне орнатылған арнайы қозғалыс жүйесі модельдің ауаға көтерілуі мен ұшуын қамтамасыз етеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба Глазгоға 2026 жылғы Достастық ойындары аясында келіп жатқан қонақтарды ерекше түрде қарсы алу, сондай-ақ спорт, заманауи технология және фантастикалық әлем үйлесімін көрсету мақсатында жүзеге асырылған.
Достастық ойындары 23 шілдеде басталды. Спорттық жарыстардың трансляциялары көрермендерге HBO Max арқылы ұсынылуда, ал TNT Sports жарыстардың эфирдегі көрсетілімдерін қамтамасыз етуде.



















Пікірлер 0
…