date

Мексика президенті Клаудия Шейнбаумға шарада әлімжеттік жасалды

Мексика президенті Клаудия Шейнбаумға шарада әлімжеттік жасалды

Мексика астанасы Мехикода күтпеген және қоғамды дүрліктірген оқиға болды. Елдің тұңғыш әйел президенті Клаудия Шейнбаум 4 ноябрь күні тарихи орталықтағы шараға бара жатқанда, өтіп бара жатқан бір азамат оның келісімінсіз жақындап, құшақтап, сүймек болды.

Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан президентті селфи жасау үшін тоқтатқан адамдардың арасында бір адам артына келіп, Шейнбаумның иығына қолын қойып, оны сүюге және денесінің басқа бөліктеріне тигізуге тырысқанын көруге болады. Президент оның қолын тартып, шетке ығыстырды. Осы кезде президенттің күзетшісі жағдайға араласып, бұзақыны шеттеткен.

Оқиғадан кейін Шейнбаум баспасөз мәслихатын өткізіп, оның үстінен ресми түрде шағымданғанын мәлімдеді. Ол бұл жағдайды жеке өмірге қол сұғылмаушылыққа қарсы әрекет ретінде ғана емес, әрбір әйелге жасалған қорлау деп бағалады.

"Мен мұны өзім үшін ғана емес, елімдегі барлық әйелдер үшін жасаймын. Егер олар президентке осылай қараса, басқа әйелдер өздерін қалай қорғай алады? Бұл жағдай жауапсыз қалмауы керек," - деді Шейнбаум.

Осыдан кейін президент жергілікті "Реформа" газетін оқиғаның видеоларын таратқаны үшін сынға алды. Оның пікірінше, БАҚ зорлық-зомбылық жағдайларын жариялауда абай болуы керек, жәбірленушіні "қайта құрбан" етпеуі керек. Әйелдер істері жөніндегі хатшылық та ресми мәлімдеме жасап, бұл тек физикалық қудалау ғана емес, әйелдерге деген құрметсіздіктің тағы бір көрінісі екенін атап өтті.

Бірнеше сағаттан кейін Мехико қаласының азаматтық қауіпсіздік басқармасы қоқан-лоққы жасаған 33 жастағы Уриэль Ривера есімді адамның ұсталғанын хабарлады. Белгілі болғандай, ол сол күні алкоголь немесе есірткіге тәуелді болған және қалада тағы екі әйелге қырындаған деген күдік бар.

Клаудия Шейнбаум - Мексика тарихындағы алғашқы әйел президент, ол 2024 жылдың октябрінде қызметке кірісті. Reuters агенттігінің айтуынша, бұл оқиға елдегі әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін қайтадан күн тәртібіне шығарды.

Үкімет мәліметі бойынша, 2024 жылы Мексикада 821 әйел жеккөрушілік қылмысының құрбаны болған. 2025 жылдың қыркүйегіне қарай бұл сан 501 фемицидтік жағдаймен көрсетілген. Феминист белсенділер бұл көрсеткіш шынайы жағдайды көрсетпейтінін және мемлекеттік статистикадағы сандар жасанды түрде төмендетілгенін айтады.

Сонымен қатар, президентке қарсы жасалған әлімжеттік оқиғасы оның қауіпсіздік жүйесінің тиімділігі туралы сұрақтар тудырды. Шейнбаумның жақындары мен кеңесшілерінің саны өте аз, ал ол өз ұстанымын "мен халық арасында болғым келеді, өйткені басшы халықтан ажырамауы керек" деп түсіндірді.

Клаудия Шейнбаумның айтуынша, бұл жай ғана оқиға емес, мексикалық әйелдер үшін қоғамдағы құрмет пен қол сұғылмаушылықты талап ететін жаңа нүктеге айналуы керек.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Мексика президенті Клаудия Шейнбаумға шарада әлімжеттік жасалды