date

Тәжікстанда Дидал мұздығы таудан сырғып түсті - қауіп артып келеді

Тәжікстанда Дидал мұздығы таудан сырғып түсті - қауіп артып келеді

Тәжікстанның Тәжікабад ауданында орналасқан Дидал мұздығының көп бөлігі бөлініп, таудан шамамен 5 шақырым төмен жылжыған. Бұл туралы еліміздің Гидрометеорологиялық агенттігі хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бөлінген мұз кесегінің ұзындығы 1,5 шақырым, ені 200 метр және биіктігі 50 метрге дейін болған. Мамандар бұл процесті соңғы апталарда ауа температурасының көтерілуімен түсіндіреді.

Ғалымдар мұздықтың әлі де тұрақсыз екенін, бұл жақын маңдағы аудандарда көшкін мен сел қаупін арттыратынын айтады.

Айта кетейік, Тәжікстан аумағының шамамен 93 пайызын таулар құрайды. Елдегі 14 мыңға жуық мұздық Орталық Азияның су ресурстарының маңызды көзі болып табылады. Сондықтан Дидал сияқты ірі мұздықтарда болып жатқан өзгерістер бүкіл аймақтағы экологиялық тұрақтылыққа тікелей әсер етуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Тәжікстанда Дидал мұздығы таудан сырғып түсті - қауіп артып келеді