
Ұлыбританияның жылжымайтын мүлік компаниясы Savills Plc байлар үшін ең беделді және өмір сүруге қолайлы қалалар рейтингінің нәтижелерін жариялады. 2025 жылы бұл тізімде Дубай Лондон, Нью-Йорк және Сингапурды артта қалдырып, бірінші орынды иеленді.
Сарапшылардың айтуынша, Дубайдың көшбасшылығы оның қаржылық тұрақтылығымен, дамыған инфрақұрылымымен және жоғары өмір сүру стандарттарымен түсіндіріледі.
Савиллс есебіне сәйкес, байлар үшін әлемдегі ең тартымды 10 қала төмендегідей:
1. Дубай (БАӘ),
2. Нью-Йорк (АҚШ),
3. Сингапур,
4. Гонконг,
5. Абу-Даби (БАӘ),
6. Монако,
7. Лос-Анджелес (АҚШ),
8. Майами (АҚШ),
9. Аспен (АҚШ),
10. Лондон (Ұлыбритания).
Рейтингті құруда салық саясаты, жылжымайтын мүліктің құны мен сапасы, қауіпсіздік деңгейі, инфрақұрылым және бизнес пен көші-қон мүмкіндіктері ескерілген.
Сарапшылардың пікірінше, Дубайдың басымдығы жаһандық байлық орталықтарының Таяу Шығысқа бет бұрғанын көрсетеді. Әмірлік бүгінде тек туризм мен қаржы саласында ғана емес, сонымен қатар әлемдік элита үшін беделді мекен ретінде де жетекші орынға ие.
