date

Қытай зымыран өнеркәсібінің көлемін күрт арттырады

Қытай зымыран өнеркәсібінің көлемін күрт арттырады

CNN хабарлауынша, Қытай соңғы жылдары зымыран өндірісі мен зымыран әскеріне тиесілі әскери нысандардың аумағын қарқынды түрде кеңейтуде.

Басылым мәліметінше, журналистер 2020 жылдан бері жиналған спутниктік суреттерді, карталарды және үкіметтік деректерді талдап, елде зымыран өндірісінің ауқымы айтарлықтай өскенін анықтаған.

Ғарыштан түсірілген суреттерде Қытай қарулы күштерінің ядролық арсеналын бақылайтын зымыран зауыттары мен әскерлеріне тиесілі 136 нысанның кем дегенде 60 пайызында құрылыс пен кеңейту жұмыстары жүргізілгені жазылған.

Дереккөздердің айтуынша, бұл нысандардың құрамына әскери зауыттар, ғылыми-зерттеу орталықтары мен сынақ алаңдары кіреді. Олар 2020 жылдың басынан 2025 жылдың соңына дейін мыңдаған шаршы метрге дейін кеңейді.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Қытай зымыран өнеркәсібінің көлемін күрт арттырады