date

Талибан орамалсыз әйелдерге ауруханаға баруға тыйым салды

Талибан орамалсыз әйелдерге ауруханаға баруға тыйым салды

Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясында Талибан әйелдерге ауруханаларға немесе басқа мемлекеттік мекемелерге орамалсыз кіруге қатаң тыйым салды. Бұл туралы Ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу басқармасының жаңа бұйрығында айтылған.

Бұрын әйелдер медициналық мекемелерге хиджаб, маска немесе шадар киіп кіре алатын. Бірақ жаңа тәртіпте тек бурқа - денені және бетті толық жабатын, көздері де тормен қапталған киім - рұқсат етілген форма ретінде белгіленді.

Енді Гератта ауруханаға келген науқас әйелдер ғана емес, әйел дәрігерлер мен медбикелер де міндетті түрде паранжа киюі керек.

Tolo News дереккөзінің хабарлауынша, Қажылық және дін істері министрлігі бұған дейін такси жүргізушілерін де паранджа кимеген әйелдерді тасымалдамауға шақырған. Көптеген жүргізушілер бұл бұйрыққа бағынуға мәжбүр.

Әлеуметтік желілерде бурка киген медицина қызметкерлерінің жас науқастарға екпе салып жатқан суреттері кеңінен талқылануда. Сарапшылардың пікірінше, бұл шектеу әйелдердің денсаулық сақтау жүйесіне қолжетімділігін одан әрі тарылтады және медициналық қызметтерге қол жеткізуді қиындатады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Жаңалықтар » Әлем » Талибан орамалсыз әйелдерге ауруханаға баруға тыйым салды