date

Германияда кәріз суларынан табылған вирус мамандарды алаңдатты

Германияда кәріз суларынан табылған вирус мамандарды алаңдатты

Германияда күтпеген жағдай байқалды - елде полиомиелит ауруын тудыратын жабайы полиовирус штаммы анықталды. Бұл туралы Роберт Кох институтының мәліметтеріне сүйене отырып, Reuters хабарлады.

Германияда мұндай инфекция соңғы рет 1990 жылы болғаны айтылды. Бірақ мамандар 2021 жылдан бері қоршаған орта үлгілерін жүйелі түрде тексеріп келеді және вирус дәл осындай мониторинг барысында табылды.

Айта кетерлігі, әзірге тұрғындар арасында ешқандай ауру тіркелмеген. Медицина қызметкерлері мұны елдегі вакцинация деңгейінің жоғарылығымен түсіндіреді. Вакцинация вирустың таралуын болдырмайтын негізгі фактор ретінде көрсетілуде.

Полиомиелит - жүйке жүйесін қатты зақымдайтын, кейде параличке әкелуі мүмкін инфекция. Ол негізінен ластанған тағам мен су арқылы жұғады.

Айта кетейік, жақында Бразилия жарқанаттарында да жаңа вирус түрі табылғаны хабарланған болатын. Оның үлгілері бір мезгілде Маранян және Сан-Паулу штаттарында анықталды.

Мамандар жағдайды бақылауға алып, вирустың шығу және таралу қаупін зерттеуді жалғастыруда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Германияда кәріз суларынан табылған вирус мамандарды алаңдатты