date

Қытайдың жасырын алтын жинауы нарықты қымбаттата ма?

Қытайдың жасырын алтын жинауы нарықты қымбаттата ма?

Financial Times жазғандай, Қытай жасырын түрде алтын қорын арттырып жатыр, бұл процесс бағалы металдың рекордтық қымбаттауына түрткі болды.

Сарапшылардың пікірінше, ресми есептерде көрсетілмеген Пекиннің алтын сатып алу көлемі жарияланған сандардан тіпті 10 есе жоғары болуы мүмкін. Ашық дереккөздерге сәйкес, Қытай Орталық банкінің тамыз айындағы сатып алуы - 1,9 тонна, шілдеде - 1,9 тонна, маусымда - 2,2 тоннаны құрады. Бірақ нарық мамандары бұл сандарға сенбей, іс жүзінде сатып алулар әлдеқайда көп болатынын айтуда.

Société Générale есебінше, Бейжіңнің биылғы жалпы алтын сатып алуы 250 тоннаға жетуі мүмкін. Бұл көрсеткіш әлем орталық банктерінің жалпы сұранысының үштен бір бөлігіне сәйкес келеді.

Financial Times-тың айтуынша, Қытай осы арқылы өз қорларын жасырын түрде әртараптандырып, АҚШ долларына тәуелділікті азайтуға тырысуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қытайдың жасырын алтын жинауы нарықты қымбаттата ма?