date

2032 жылы астероид аймен соқтығысуы мүмкін

2032 жылы астероид аймен соқтығысуы мүмкін

Адамзат 2032 жылы 2024 YR4 атты астероидтың Ай бетімен соқтығысуына куә болуы мүмкін екені айтылды. IFL Science таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл ғарыш денесі алғаш рет 2024 жылдың декабрінде Чилидегі ATLAS телескопы арқылы тіркелген. Бастапқыда астероид Жерге қауіп төндіруі мүмкін деп болжанғанымен, кейінгі бақылаулар бұл ықтималдықты мүлдем жоққа шығарды. Енді ғалымдар Айға төнген ықтимал қауіпті зерттеуге кірісті.

Зерттеулер астероидтың Аймен соқтығысу ықтималдығы шамамен 4,3 пайыз екенін көрсетеді. Бұл қорытындыға Батыс Онтарио университетінің физика профессоры Пол Виергт бастаған топ келді. Егер соқтығысу орын алса, Айда диаметрі шамамен бір шақырым болатын кратер пайда болып, энергия шығыны 6,5 мегатонна тротил эквивалентіне жетуі мүмкін. Мамандар мұндай процесті соңғы бес мың жылдағы ең ірі ай соққысы ретінде бағалап отыр.

Мұндай ғарыштық құбылыс тек визуалды көрініспен ғана шектелмеуі мүмкін. Соққыдан шашыраған Ай заттары Жерден көрінетін күшті метеор ағынын тудыруы мүмкін. Сонымен қатар, кейбір спутниктердің орбиталық қозғалысына зиян келтіру қаупі де жоққа шығарылмайды.

Джон Хопкинс университетінің астрофизигі Эндрю Ривкиннің айтуынша, әлі толық қорытынды жасауға ерте. Өйткені оқиғаның шиеленісуі астероидтың нақты қай нүктеге құлайтынына байланысты. Соған қарамастан, NASA қажет болған жағдайда Ай мен спутниктерді қорғау мақсатында астероидтың бағытын өзгерту үшін ядролық технологияларды қолдану сценарийлерін де қарастырып жатыр.

Астероидты дәлірек бақылау мүмкіндігі 2026 жылдың ортасынан бастап Джеймс Уэбб телескопы арқылы пайда болады. Бұл оның өлшемдері мен қозғалыс траекториясын дәлірек бағалауға көмектеседі. Профессор Виергт 2027 жылдың басындағы бақылаулар шешуші болатынын айтты. Алайда, қауіп расталса, сақтық шаралары үшін уақыт тым қысқа болуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » 2032 жылы астероид аймен соқтығысуы мүмкін