date

Ғалымдар қартаюды тоқтата алатын жасушаны тапты

Ғалымдар қартаюды тоқтата алатын жасушаны тапты

Исраилдік зерттеушілер адам өмiрiн ұзарту жолында маңызды жаңалыққа қол жеткізді. Олардың Nature Aging журналында жарияланған еңбектері биологиялық қартаюдың жасырын механизмдеріне жаңа жарық түсірді.

Мамандар CD4-Eomes деп аталатын ерекше T-жасуша түрін анықтады. Бұл жасушалар ағзада ескірген, тіндерге зиян келтіруі мүмкін senescent жасушаларды тауып, жоюға көмектеседі. Дәл осы қартайған жасушалардың көбеюі адамда әлсіздік, қабыну және ауру қаупін арттырады.

Тәжірибелер көрсеткеніндей, егер осы ерекше жасушалардың саны азайса, ағзадағы қартаю үдерісі жеделдейді: бұлшықеттер жұқарады, ағзалардың қызметі әлсірейді, өмір сүру ұзақтығы қысқарады. Ал олар сақталса не күшейтілсе, керісінше, қартаю баяулауы мүмкін.

Қызықты жайт — CD4-Eomes жасушалары ұзақ өмір сүрген адамдарда жиі кездескен. Ғалымдар осыдан бұл жасушалар ағзаның қартаюға қарсы қуатты «құралы» болуы мүмкін деп болжайды.

Зерттеушілердің пікірінше, болашақта осы жасушаларды жасанды түрде көбейту немесе белсендендіру мүмкіндігі пайда болса, адамның дені сау өмір сүру кезеңі айтарлықтай артуы мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ғалымдар қартаюды тоқтата алатын жасушаны тапты