date

Ғалымдар Каспий теңізінің екі теңізге айналуын болжап отыр

Ғалымдар Каспий теңізінің екі теңізге айналуын болжап отыр

Әзербайжан Ғылым академиясы География институтының мамандарының айтуынша, Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуі уақытша жағдай емес. Керісінше, бұл аймақтың болашақ географиялық келбетін өзгерте алатын ауқымды геодинамикалық процестердің бір бөлігі болып табылады. Бұл туралы Minval ақпараттық порталы хабарлады.

Ғалымдар судың тартылуына негізгі фактор ретінде белсенді тектоникалық процестерді көрсетіп, Каспий теңізінің өзі үлкен геологиялық өзгерістер аймағында орналасқанын атап өтуде.

Олардың айтуынша, Кавказ таулары әлі де өсуін жалғастырып жатқандықтан, теңіз маңындағы тектоникалық белсенділік күшейіп, дәл осы процесс судың жылдан-жылға кері шегінуіне себеп болып отыр.

Институттың ғылыми қызметкері Мирнух Исмаилов бұл туралы былай дейді:

"Каспий белсенді тектоникалық аймақта орналасқан. Кавказда таужаралу процесі аяқталмағандықтан, су деңгейі төмендеуін жалғастыруда. Мұндай үдерістер өте ұзаққа созылады," - дейді ол.

Маманның пікірінше, қазіргі динамика сақталса, болашақта Каспий теңізі екі бөлек су жүйесіне бөлінуі ықтимал:

  • солтүстігінде - Дербент ойпаты,
  • оңтүстігінде - Лянкаран ойпаты.

Бұл бөліну тез жүретін процесс емес, бірақ ғылыми есептеулерге сәйкес, ұзақ мерзімді перспективада бұлжымас дерлік.

Институттың тағы бір қызметкері Эльнур Жафаров су деңгейінің соншалықты төмендеуі мүмкін екенін, теңіз жағалау сызығынан 30 шақырымнан да артқа шегінуі ықтимал екенін айтады.

Сарапшылардың пікірінше, егер бұл процесс жалғаса берсе, Каспий маңындағы экологиялық орта, жұмыспен қамту және экономикалық қызметке де елеулі әсер етуі мүмкін.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ғалымдар Каспий теңізінің екі теңізге айналуын болжап отыр