date

Үндістанда отбасылық көліктің ерекше жерлеу рәсімі өтті

Үндістанда отбасылық көліктің ерекше жерлеу рәсімі өтті

Үндістанның Гуджарат штатындағы Амрели қаласында керемет шара өтті. Падаршинга ауылында тұратын Сантай Полараның отбасы өздерінің "бақыт әкелетін" көліктерінің жерлеу рәсімін ұйымдастырды. Бұл оқиға туралы Times of India басылымы хабарлады.

Полара отбасы ауыл шаруашылығына арналған алаңда 4 метрлік шұңқыр қазып, оларға 12 жыл бойы қызмет еткен және жетістіктерінің символына айналған Wagon R көліктерін жерлеуге шешім қабылдады. Бұл ерекше рәсімге дін қызметкерлері мен дін ғұламаларын қоса алғанда, 1,5 мыңнан астам адам шақырылған.

Рәсімнің видеолары әлеуметтік желілерде тез тарады. Видеода гүл шоқтарымен безендірілген көлік арнайы аумаққа әкелініп, дін қызметкерлері дұға оқығаннан кейін жасыл матамен қапталып, жерленгені көрсетілген.

Автокөлік иесі Санжай Полараның айтуынша, бұл көлік отбасы үшін сәттілік пен береке көзі болған. "Бұл көлік бізге үлкен жетістіктер мен құрмет әкелді. Сондықтан оны сату емес, құрметпен жерлеуге шешім қабылдадым," - деді ол.

Салтанатты шара үшін 4 миллион рупий, яғни 44 мың доллардан астам қаржы жұмсалғаны хабарланды. Қонақтарға мерекелік дастархан жайылды. Сондай-ақ, көлік көмілген жерге болашақта ағаш отырғызу жоспарлануда. "Келер ұрпақ біздің отбасымыздың тарихында маңызды орын алған және бақыт әкелген бұл көлікті әрқашан есте сақтауы керек," - дейді шара ұйымдастырушылары.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Үндістанда отбасылық көліктің ерекше жерлеу рәсімі өтті