AI себебінен DoorDash қателесуде: тағамды "жаман" етіп көрсетіп, ақшаны қайтарып алу белең алды

AI себебінен DoorDash қателесуде: тағамды "жаман" етіп көрсетіп, ақшаны қайтарып алу белең алды

Соңғы кездері интернетте күлкілі, бірақ күрделі мәселеге айналған жағдай талқылаудың ортасында: адамдар жасанды интеллект арқылы жеткізілген тағамдардың көрінісін әдейі нашарлатып, DoorDash арқылы ақшаларын қайтарып алуды үйренді.

Бұл жағдайдың жарқын мысалы ретінде желілерде таралған сурет: бір бургердің "нағыз" және "AI-мен бұзылған" интерпретациясы алынды. Бірінші суретте жеткізілген бургер қалыпты көрінсе, екіншісінде ол тағамға жарамсыз болып көрінеді. Кейбір пайдаланушылар AI сүзгілері арқылы етті шикі етеді немесе керісінше - күйген, кеуіп қалған күйінде көрсетеді.

Осы арқылы олар DoorDash-қа "сапасы төмен," "піспеген," "жазылғандай емес" деген шағымдармен жүгініп, ақшаларын қайтарып алып жатқан көрінеді.

DoorDash та жауап беріп жатыр: компания AI көмегіне жүгінді

Жағдай жария болғаннан кейін, DoorDash бұл алдау әдісін анықтау үшін жасанды интеллектіні өз тарапынан да іске қосып жатқанын мәлімдеді. Компания AI модельдері арқылы:

  • тағам шынымен зақымдалған ба немесе жасанды "бұзылған" ба,
  • суреттегі бургер, пицца немесе тағам нақты жеткізілген нәрсе ме,
  • сурет қандай да бір сүзгі арқылы өзгертілген бе?

сияқты аспектілерді тексереді.

Ал DoorDash пен қолданушылар арасында нағыз "AI жарысы" басталды: бірі алдау үшін AI қолданады, бірі анықтау үшін.

Ең қызығы: жеңімпаз кім? - AI компаниялары

Бұл процесте DoorDash та, тамақ тапсырыс берушілер де емес, жасанды интеллектті дамытатын компаниялар ең көп пайда көріп отыр. Өйткені екі жақ та бір-бірінен озу үшін қосымша AI қызметтерін пайдалануға мәжбүр.

Сондықтан интернетте әзіл ретінде мынадай пікірлер тарады:

"DoorDash-пен клиенттер соғысып жатыр, бірақ нағыз жеңімпаз - AI стартаптар."

Juwmaq

Жасанды интеллект қазір жұмыс процестерін жеңілдетіп қана қоймай, тіпті күтпеген "өмірлік хактар" мен манипуляция әдістерінің пайда болуына себеп болуда.

Жасанды интеллектіні көмекші ретінде пайдалану және оны асыра пайдаланбау - бүгінгі цифрлық әлемде өзекті мәселеге айналды. DoorDash және басқа да жеткізу қызметтері болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін одан да терең AI бақылауын енгізетіні анық.

Пікірлер 0

…

Байланысты жаңалықтар