date

Австралияны дүр сілкіндірген шабуыл: үкімет қатаң шаралар қабылдауда

Австралияны дүр сілкіндірген шабуыл: үкімет қатаң шаралар қабылдауда

Австралияда Сиднейдің Бонди-Бич ауданында болған қарулы шабуыл құрбандарын еске алу шаралары өтті. Бір апта бұрын еврейлердің Ханука мерекесі кезінде болған шабуыл салдарынан 15 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Осыған байланысты елде аза тұту күні жарияланды.

Жексенбі күні үкімет ғимараттарында тулар төмен түсіріліп, шабуыл басталған уақытта бір минут үнсіздік жарияланды. Халыққа құрбандарды еске алу үшін шырақ жағу ұсынылды. Бонди-Бичте өткен еске алу рәсімі күшейтілген полиция бақылауымен өтті.

Премьер-министр Энтони Албанезе елдегі құқық қорғау және барлау органдарының қызметін қайта қарау жөнінде тапсырма берді. Оның айтуынша, қазіргі қауіпсіздік жағдайында мемлекеттік құрылымдар халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық дайын болуы тиіс. Тексеру нәтижелері алдағы айларда жарияланады.

Билік шабуылды еврейлерге қарсы бағытталған террорлық әрекет ретінде тергеп жатыр. Оқиғадан кейін ел бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, өшпенділікке негізделген қылмыстарға қарсы күрес қатаңдатылды. Үкімет Австралияда зорлық-зомбылық пен экстремизмге орын жоқ екенін атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австралияны дүр сілкіндірген шабуыл: үкімет қатаң шаралар қабылдауда