date

Қытайда әлемдегі ең ұзын автомобиль туннелі ашылды

Қытайда әлемдегі ең ұзын автомобиль туннелі ашылды

Қытайдың солтүстік-батысында көлік инфрақұрылымының тарихында жаңа бет ашылды. Ел аумағында әлемдегі ең ұзын автомобиль туннелі ресми түрде пайдалануға берілді. Үрімші - Увей тас жолында орналасқан бұл нысанның жалпы ұзындығы 22 шақырымнан асып, жаһандық рекорд орнатты.

"Тянь-Шань Жеңіс туннелі" деп аталатын бұл ірі жоба Синьцзян-Ұйғыр автономиялық ауданының аумағында салынған. Ол Тянь-Шань тау жүйелерінің арасында орналасқан және ұзақ жылдар бойы қиын әрі қауіпті саналған таулы жолдарға балама ретінде қызмет етеді.

Синьхуа ақпарат агенттігінің хабарлауынша, туннельдің іске қосылуы нәтижесінде таулы аймақтарда қозғалыс уақыты күрт қысқарған. Бұрын бірнеше сағатқа созылатын жолды енді бар болғаны 20 минутта жүріп өтуге болады. Бұл тек жүргізушілерге ғана емес, бүкіл логистикалық жүйеге үлкен жеңілдік туғызады.

Үрімші-Увэй автомагистралі стратегиялық маңызға ие, ол Тянь-Шань тауларын кесіп өтіп, аймақтың солтүстік және оңтүстік қалаларын байланыстырады. Бұл ірі жол желісі 12 көлік торабын, 17 туннельді және жүздеген заманауи көпірлерді қамтиды.

Мамандардың айтуынша, жаңа туннельдің ашылуы нәтижесінде солтүстіктен оңтүстікке саяхаттау уақыты бұрынғы 7 сағат орнына шамамен 3 сағатқа қысқарған. Бұл аймақтағы сауда, туризм және экономикалық байланыстарды одан әрі жандандыруға қызмет етеді.

Осылайша, "Тяньшань Жеңіс туннелі" тек инженерлік жетістік емес, сонымен қатар Қытайдың заманауи көлік әлеуеті мен инфрақұрылымдық дамуын көрсететін маңызды символ ретінде танылуда.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Қытайда әлемдегі ең ұзын автомобиль туннелі ашылды