date

Венесуэлада уақытша президент міндеті вице-президентке тапсырылды

Венесуэлада уақытша президент міндеті вице-президентке тапсырылды

Венесуэла Жоғарғы соты Николас Мадуроның елде болмауына байланысты президент өкілеттігін уақытша вице-президент Делси Родригес атқаратынын белгіледі. Сот мәлімдемесінде бұл қадам мемлекеттік басқаруда сабақтастықты сақтау, елді жан-жақты қорғау және мемлекеттік институттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталғаны айтылды. Бұл туралы podrobno.uz хабарлады.хабарлайды.

Сол күні Делси Родригес Венесуэланың мемлекеттік телеарнасы арқылы халыққа үндеу жасады. Ол Николас Мадуро әлі де елдің жалғыз заңды президенті екенін атап өтіп, АҚШ-тың Венесуэлаға қатысты «қарулы агрессиясын» айыптады және қазіргі биліктің халық пен мемлекеттік егемендікті қорғауға дайын екенін мәлімдеді.

Үндеу жоғары лауазымды шенеуніктердің қатысуымен жазылғаны айтылды. Олардың қатарында Ұлттық ассамблея төрағасы Хорхе Родригес, ішкі істер министрі Диосдадо Кабельо және қорғаныс министрі Владимир Падрино Лопес бар.

Делси Элоина Родригес Гомес 1969 жылғы 18 мамырда туған. Ол Венесуэланың Орталық университетінде құқықтану мамандығы бойынша оқып, еңбек жолын сыртқы саясатқа қатысты мемлекеттік және халықаралық құрылымдарда бастаған.

2014–2017 жылдары ол Венесуэланың сыртқы істер министрі болып қызмет атқарып, БҰҰ және өңірлік ұйымдар аясында ел ұстанымын қорғады әрі санкциялық қысым күшейген жағдайда сыртқы байланыстарды басқарды. 2017 жылы Мадуро бастамасымен құрылған Құрылтай ассамблеясына жетекшілік етіп, оппозиция бақылауындағы парламент өкілеттігінің бір бөлігін өз мойнына алды.

2018 жылғы маусымнан бері Делси Родригес вице-президент қызметін атқарады. Бұл мәртебеде ол үкіметтің экономикалық блогын үйлестіреді, энергетика, санкциялар және халықаралық ынтымақтастық бойынша келіссөздерге қатысады.

Делси Родригес АҚШ, Еуропалық одақ және бірқатар өзге елдердің жеке санкцияларының астында. Шектеулер демократиялық институттарды әлсірету және адам құқықтарын бұзу туралы айыптаулармен түсіндірілген. Ол Венесуэла атқарушы билігінің негізгі тұлғаларының бірі әрі Мадуроның жақын серіктестерінің бірі саналады.

Бұған дейін АҚШ Мадуро мен оның жұбайын «наркотерроризм» және кокаин контрабандасы бойынша айыптаған. 3 қаңтарға қараған түні АҚШ-тың Каракастағы бірнеше нысанға, соның ішінде әуе базасы мен әскери базаларға соққы жасағаны туралы хабарлар тарады. Дональд Трамп «ауқымды операция» жүргізілгенін растап, Николас Мадуроның жұбайымен бірге ұсталғанын және елден әкетілгенін мәлімдеді.

Еуропалық одақ жағдайды мұқият бақылап отырғанын айтып, Мадуроның легитимдігі жеткіліксіз деген бұрынғы ұстанымында қалатынын атап өтті. Хабарда Мадуроның ұсталуын Уго Чавестің билікке келуінен басталған ұзақ шешімдер, қателіктер мен қайшылықтар тізбегінің соңғы нүктесі ретінде түсіндірген.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Венесуэлада уақытша президент міндеті вице-президентке тапсырылды