АҚШ визасы үшін міндетті депозит талап етілетін тізімге Орталық Азиядан тағы үш ел енгізілді

АҚШ президенті әкімшілігі кіру визасына өтініш беретін азаматтардан ақшалай депозит енгізуді міндеттейтін елдер тізімін кеңейтті. Мемлекеттік департаменттің ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, тізімге тағы 25 ел қосылды, ал жаңа талаптар 21 қаңтардан бастап күшіне енеді. Бұл туралы podrobno.uz хабарлайды. хабарлайды .
Жаңа тәртіпке сәйкес депозит талабы мына елдердің азаматтарына қолданылады: Алжир, Ангола, Антигуа және Барбуда, Бангладеш, Бенин, Бурунди, Кабо-Верде, Кот-д’Ивуар, Куба, Джибути, Доминика, Фиджи, Габон, Қырғызстан, Непал, Нигерия, Сенегал, Тәжікстан, Того, Тонга, Тувалу, Уганда, Вануату, Венесуэла және Зимбабве.
Визаға өтініш берген адамнан 5 мыңнан 15 мың долларға дейін депозит алынады. Нақты сома виза сұхбатынан кейін белгіленеді. Мемлекеттік департамент депозит төлеу визаның берілуіне кепіл емес екенін атап өтті.
Төленген қаражат виза беруден бас тартылған жағдайда қайтарылады. Сондай-ақ АҚШ-қа кіргеннен кейін виза режимі бойынша барлық талаптар орындалса, депозиттің қайтарылуы да қарастырылған.
Соңғы өзгерістерден кейін бұл тізімдегі елдер саны 38-ге жетті. Бұған дейін бұл тізімге Түрікменстан да енгізілген еді.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!