date

Австрияда екі көшкін: бес шаңғышы неге қаза тапты?

Австрияда екі көшкін: бес шаңғышы неге қаза тапты?

Австрияның батысында, Зальцбург провинциясындағы тауларда бірінен соң бірі болған екі көшкін салдарынан бес шаңғышы қаза тауып, тағы бірнеше адам құтқарылды. Оқиғалардың Зальцбург қаласының оңтүстігінде орналасқан Понгау аймағында тіркелгені айтылады.

Мәліметтерге қарағанда, алғашқы көшкін 17 январьда Бад Хофгаштейн маңында, шамамен 2200 метр биіктікте болған. Қар астында қалған шаңғышы әйелді құтқарушылар алып шыққанымен, ол кейін қайтыс болды. Оның күйеуі аман қалғаны жазылған.

Шамамен 90 минуттан кейін Гастейн алқабында екінші көшкін болды. Онда жеті шаңғышы қар жамылғысының астында қалып қойған: төрт адам бірден қаза тапты, екі адам жарақат алды (олардың біреуі ауыр халде), тағы бір шаңғышы жарақатсыз аман қалды.

Қайғылы оқиға орнына жедел түрде төрт құтқару тікұшағы, тау-құтқару қызметтері, Қызыл Кресттің арнайы ит топтары және дағдарыс жағдайларына жауап беретін мамандар жұмылдырылды. Іздестіру-құтқару жұмыстары бірнеше сағатқа созылғаны хабарланды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Австрияда екі көшкін: бес шаңғышы неге қаза тапты?