date

Ресей шабуылы Киевті электрсіз қалдырды

Ресей шабуылы Киевті электрсіз қалдырды

Reuters мәліметінше, Ресейдің соққылары салдарынан Киев қаласының 60 пайыздан астамы электрсіз қалып отыр. Бұл туралы Украина президенті Владимир Зеленский X әлеуметтік желісінде хабарлады.

Президенттің айтуынша, таңертең Киевте шамамен 4 мың ғимарат жылусыз қалған. Ауа райы суық, көптеген адамдар бірнеше сағат немесе мүлде электрсіз өмір сүріп жатыр.

Шығыстағы Харьков облысында да электрмен қамту бұзылған. Облыс басшысы Олег Синегубов сәрсенбі күні 520 мың тұтынушы электрсіз қалғанын айтты. Бұл көрсеткіш сейсенбімен салыстырғанда азайғанымен, өңір қайта шабуылға ұшыраған.

Оңтүстіктегі Одесса облысында DTEK компаниясы бір нысанның зақымданғанын және бірнеше мың үй электрсіз қалғанын мәлімдеді. Электр қайта қосылған жерлерде де күн бойы үзілістер жалғасуда. Мобильді байланысқа да әсер етіп, Kyivstar желісінің шамамен 10 пайызы жұмыс істемей қалды.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ресей шабуылы Киевті электрсіз қалдырды