date

НАТО: Еуропа АҚШ-ты қорғауға дайын

НАТО: Еуропа АҚШ-ты қорғауға дайын

НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Еуропа елдері Құрама Штаттарды қорғауға толық дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, егер АҚШ-қа шабуыл жасалса, альянсқа мүше барлық ел одақтастық міндеттемесіне адал болады.

Марк Рютте бұл пікірлерді АҚШ президенті Дональд Трамппен Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форум аясындағы кездесуде айтты. Ол Трамптың "АҚШ шабуылға ұшыраған жағдайда одақтастар көмекке келе ме?" деген күдігіне жауап берді.

"Сіз НАТО елдері Құрама Штаттарға көмектесе ме, жоқ па деген күдік туғыздыңыз. Мен сенімді түрде айта аламын - олар көмекке келеді. Бұған Ауғанстандағы мысал айқын дәлел. Сол кезде қаза тапқан екі америкалық әскериге НАТО-ның басқа елінен бір жауынгер келген," - деді альянс бас хатшысы.

Сондай-ақ Рютте Дональд Трамптың президенттігі кезінде НАТО-ның бұрынғыдан да күшейгенін, одақ аясындағы ынтымақтастық пен әскери әлеуеттің одан әрі артқанын ерекше атап өтті.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » НАТО: Еуропа АҚШ-ты қорғауға дайын