Илон Маск ЖИ адамның ақылынан қашан асып түсетінін айтты

Илон Масктың айтуынша, жасанды интеллект 2026 жылдың соңына дейін кез келген жеке адамның мүмкіндіктерінен асып түсуі, ал 2031 жылға қарай бүкіл адамзаттың жиынтық интеллектінен де жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы podrobno.uz хабарлайды хабарлайды .
Ол бұл болжамдарын Давоста өткен Дүниежүзілік экономикалық форумдағы сөзінде айтып, ЖИ дамуы күтілгеннен де жылдамдағанын және адамзаттың технологиялық сингулярлыққа жақындап келе жатқанын атап өтті.
Масктың пікірінше, негізгі мәселе технологияда емес, электр энергиясының тапшылығында. Нейрондық желілерге арналған чиптер өндірісі өсіп жатқанымен, көптеген елдердің энергия инфрақұрылымы мұндай жүктемені көтеруге үлгермей жатыр.
Балама шешім ретінде ол есептеу қуатының бір бөлігін ғарышқа көшіру идеясын ұсынды. SpaceX күн энергиясымен жұмыс істейтін және вакуумда салқындай алатын, ішіне жасанды интеллект жүйелері орнатылған жерсеріктерді ұшыруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ Маск қауіптерге қарамастан, жасанды интеллект ауқымды пайда әкелуі мүмкін екенін айтты. Оның ойынша, дұрыс бақылау жағдайында ЖИ және Tesla Optimus сияқты гуманоид роботтар тауарлар мен қызметтер баршаға анағұрлым арзан әрі қолайлы болатын дәуірді жақындатады.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!