date

АҚШ-та қыс қаһары рейстерді тоқтатты, штаттар күйзеліске ұшырады

АҚШ-та қыс қаһары рейстерді тоқтатты, штаттар күйзеліске ұшырады

АҚШ аумағында күшейіп келе жатқан қарлы боран елдің көлік жүйесіне қатты әсер етті. Fox News телеарнасының хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты 10 мыңнан астам рейс тоқтатылған. Ал Associated Press хабарлауынша, дауыл жақын сағаттарда елдің барлық дерлік аймақтарын қамтуы мүмкін.

Қар мен көктайғақ әуе қатынасына ғана емес, күнделікті өмірге де кері әсерін тигізуде. Fox News мәліметінше, табиғи апат салдарынан 18 мыңнан астам тұтынушы электр қуатынсыз қалған. Қазіргі уақытта 18 штатта төтенше жағдай режимі енгізілген, жергілікті билік тұрғындарды сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырады.

Ұлттық метеорологиялық қызметтің болжамы бойынша, Шығыс Техастан Солтүстік Каролинаға дейінгі аумақтарда қатты қар жауып, мұз қатуы күтілуде. Кейбір жерлерде жол қозғалысының тоқтап қалуы, мектептер мен мекемелердің уақытша жабылу ықтималдығы да жоғары бағалануда.

Төтенше жағдайларды басқару федералды агенттігі жағдайға дайындық мақсатында 250 мың порция азық-түлік, 400 мың литр ауыз су және 30 электр генераторын резервке дайындады. ABC News хабарлауынша, 28 қалада іздестіру-құтқару топтары толық дайындыққа келтірілген.

Мамандар тұрғындарды негізсіз сапарлардан бас тартуға, электр және жылу жүйелерін абайлап пайдалануға шақырып, ауа райы жақсармайынша жағдайдың ауыр болатынын айтады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » АҚШ-та қыс қаһары рейстерді тоқтатты, штаттар күйзеліске ұшырады