Мексикада футбол алаңындағы атыстан 11 адам қаза тапты

Мексиканың Гуанахуато штатында футбол алаңында болған атыстан 11 адам қаза тауып, тағы 12 адам түрлі деңгейде жарақат алды. Бұл туралы Ynet порталы хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, оқиға футбол алаңының аумағында болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілгені айтылады.
Жергілікті билік күдіктілерді анықтау және ұстау бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады. Әзірге шабуылдың себептері мен күдіктілердің саны туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілмеген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз