Ұлыбританияда ханзада Эндрю қамауға алынды - BBC

Бүгін, 19 февральда Ұлыбритания полициясы король Чарльз III-нің інісі - Эндрю ханзаданы марқұм қаржыгер Джеффри Эпштейнмен байланысы үшін тұтқындады. Бұл туралы BBC хабарлады.
Мәлім етілгендей, ханзада мемлекеттік қызметте болған кезінде бірқатар теріс әрекеттер жасауы мүмкін деген күдіктер негізінде тергеу амалдары басталған.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Англияның шығыс бөлігінде орналасқан Wood Farm аумағына алты полиция көлігі мен азаматтық киім киген сегіз қызметкер келген.
Ресми дереккөздердің хабарлауынша, АҚШ үкіметі жақында жариялаған құжаттарда шаһзада Эндрю марқұм Эпштейнге құпия мемлекеттік құжаттарды жеткізген болуы мүмкін деген мәлімдемелер бар. Қазіргі уақытта бұл мәліметтер егжей-тегжейлі зерттелуде.
Айта кетейік, марқұм патшайым Елизавета II-нің екінші ұлы болған ханзада Эндрю Эпштейнге қатысты кез келген заңбұзушылықтарға қатысы бар екенін жоққа шығарып келеді. Ол бұрын Эпштейнмен дос болғанына өкініш білдірген, бірақ соңғы құжаттар жарияланғаннан кейін бұл мәселе бойынша ешқандай түсініктеме бермеген.
“Zamin”-ді Telegram-нан оқыңыз!