date

Ұзақ өмір формуласы: етті аптасына неше рет жеу керек?

Ұзақ өмір формуласы: етті аптасына неше рет жеу керек?

Ұзақ өмір сүрудің құпиясын іздейтін адамдар көп. Бірақ кейбір жерлерде бұл “құпия” әлдеқашан қарапайым әдетке айналған: етті азырақ, өсімдік өнімдерін көбірек тұтыну.

Ұзақ өмір сүру бойынша сарапшы Дэн Бюттнер (National Geographic стипендиаты) дүниеде 100 жастан асқан адамдар ең көп кездесетін “көк аймақтарды” зерттеген. Бұл аймақтар: Окинава, Сардиния, Никоя, Икария және Лома-Линда.

Сарапшының айтуынша, бұл жерлердегі адамдар еттен толықтай бас тартпаған — яғни олар веган емес. Бірақ олар етті “негізгі кейіпкер” етпейді: әр тамаққа қоспайды, рационның ортасында көкөністер, жемістер, көк шөптер, жаңғақтар мен тұқымдар тұрады. Ал ет көбінесе аптасына бір-екі рет, аз мөлшерде ғана тұтынылады.

Бюттнердің пікірінше, денсаулық тұрғысынан күніне бір порция ет жеуге болады, бірақ мөлшерден асырып, әрбір тамақты етпен “толтыру” жақсы емес. Өйткені ет мөлшері көбейсе, созылмалы аурулар қаупі де арта түсуі мүмкін.

Зерттеулерде “көк аймақтардағы” ұзақ өмір сүретіндердің мәзірі бұршақ тұқымдастарға (әсіресе, үрме бұршақ/ноқат/маш), көк шөптерге және тазартылмаған көмірсуларға бай екені жиі атап өтіледі. Яғни, күш пен тоқтықты олар көбінесе еттен емес, қарапайым әрі табиғи өнімдерден алады.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Ұзақ өмір формуласы: етті аптасына неше рет жеу керек?