date

Дубай халықаралық әуежайындағы дрон оқиғасы: зардап шеккендер бар (видео)

Дубай халықаралық әуежайындағы дрон оқиғасы: зардап шеккендер бар (видео)

Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге қарағанда, Иранға тиесілі екені айтылған ұшақ Дубай халықаралық әуежайы аумағына келіп түскен.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан бірнеше адам жарақат алды. Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жедел іске кірісіп, аумақтың қауіпсіздігі күшейтілді.

Қазіргі уақытта ресми органдар оқиғаның нақты себептері мен дронның шығу тегіне қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Ресми дереккөздерден қосымша ақпарат күтілуде.

Сондай-ақ БАҚ-тың хабарлауынша, Палм-Джумейра ауданындағы ғимаратта өрт бар.

Басқа хабарларға сәйкес. Дубай аспанында бірнеше зымыран түсірілгеннен кейін мыңдаған адам қаланы тастап кетіп жатқаны айтылады. БАҚ мәліметінше, қаладан шығар жолда бірнеше шақырымдық кептеліс пайда болған.

Хабарларға қарағанда, Дубайдағы Бурж Халифа эвакуациясы Пал Джумейра аймағында болған оқиғадан кейін жүзеге асырылған. Билік ғимараттың тікелей соққы алғанын растамады және эвакуация сақтық шарасы ретінде жүргізілгенін айтты.

Ctrl
Enter
Қате таптыңыз ба?
Сөйлемді бөліп, Ctrl+Enter басыңыз
Ақпарат
«Меҳмон» тобындағы келушілер бұл жарияланымға пікір қалдыра алмайды.
Жаңалықтар » Әлем » Дубай халықаралық әуежайындағы дрон оқиғасы: зардап шеккендер бар (видео)